КӨЛІК ИЕЛЕРІНЕ

Lexus GX

КӨЛІК ИЕЛЕРІНЕ

В Лексус Астана оригинальные запчасти Lexus в наличии и под заказ

ЛЕКСУС АСТАНА РЕСМИ ДИЛЕРІНДЕ БАР ЖӘНЕ ТАПСЫРЫС БЕРУГЕ БОЛАТЫН LEXUS ТҮПНҰСҚАЛЫҚ ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРІ МЕН АКСЕССУАРЛАРЫ Лексус Астана ресми дилері сіздердің назарларыңызға кез келген, тіпті ең талғампаз сатып алушыны қанағаттандыра алатын жоғары сапалы Lexus түпнұсқалық қосалқы бөлшектері мен аксессуарларының кең ассортиментін ұсынады.

ТҮПНҰСҚАЛЫҚ ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР МЕН АКСЕССУАРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Лексус маркалы автокөліктеріңіздің сапасын, сенімділігін және құндылығын қорғау мақсатында өндіруші автокөлікке техникалық қызмет көрсетіп, жөндеген кезде тек Лексус және Тойота түпнұсқалық қосалқы бөлшектерін, яғни Лексус дилерінен сатып алған қосалқы бөлшектерді пайдалануға кеңес береді.

Түпнұсқалық қосалқы бөлшектер, Лексус маркасымен өндірілген барлық өнімдер сияқты, жоғары сапа, сенімділік, төзімділік және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес дайындалды.

ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРГЕ БЕРІЛЕТІН КЕПІЛДІК
Қосалқы бөлшектерге кепілдік мерзімі, Lexus автокөлігінің жүрілген жолына қарамастан, Lexus түпнұсқалық қосалқы бөлшектерін сатып алған сәттен бастап 12 айды құрайды. Кепілдік Лексус ресми дилерінен/уәкілетті серіктесінен сатып алынған Lexus түпнұсқалық қосалқы бөлшектеріне беріледі. Кепілдік түпнұсқалық емес қосалқы бөлшектерге, сондай-ақ түпнұсқалық емес қосалқы бөлшектерді пайдаланудан болған кемшіліктерге қолданылмайды.

LEXUS ТҮПНҰСҚАЛЫҚ ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРІНЕ ТАПСЫРЫС БЕРУ
Қоймада қандай да бір түпнұсқалық қосалқы бөлшектер болмаған жағдайда, біз сіздерге қажетті түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді ең қысқа мерзімде жеткізу үшін Дистрибьютордың қоймасына тікелей хабарласа аламыз.

LEXUS түпнұсқалық аксессуарлары мен кез келген қосымша жабдыққа тапсырыс бере аласыздар. Анық жолға қойылған логистика мен жеткізілімдеріміздің тұрақты мерзімдері Лексустарыңызға қажетті кез келген аксессуарларды ең қысқа мерзімде жеткізуге мүмкіндік береді.

Біздің мамандарымыз сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша кеңес беретін болады:
- мына телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар: +7 (7172) 57 74 74, +7 778 003 74 74
- немесе сілтеме бойынша кері қоңырау шалу үшін өтінім қалдырыңыздар.

Лексус Астана ресми дилері:
Астана қ-сы, Қабанбай батыр даңғ., 37-үй