ES ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН РАХАТТАНАТЫН КЕЗ Apple CarPlay мен Android Auto және жаңа алдынғы үш сәулелі оптика көмегімен бірегей әсерден және жүргізуден рахат алыңыз. ПРАЙС-ЛИСТ ПРАЙС-ЛИСТ
ЖАҢА ES ЭКСТЕРЬЕР Толықтай жаңа жаһандық архитектура – K (GA-K) платформасы негізінде құрастырылған жаңа ES Lexus-тің "люкс" классындағы орташа көлемді көліктер дизайнының шектеулерін жеңуге мүмкіндік береді. Дизайн көлікке қарқынды, бірақ көрікті кейіп беретін бірден танылатын төменге бағытталған айқын кескінмен мақтана алады. Артқы бөлік әсерлі әрі мәнерлі мүсінімен ерекшеленеді, артқы шамдар сіз қай қырынан қарасаңыз да үздіксіз стильді сызықтар түзіп, артқы қанаттарды көмкеріп тұр. Алдыңғы үш сәулелі оптика жарық ағынын керемет бөледі. Фаралар бұрылу сигналының дәйекті индикаторларымен және тұман жағдайында жақсы көрінуді қамтамасыз ететін барлық ауа-райы шамфаралармен дарымен жабдықталған. Палитрасы ішінде жаңа сарғыш және сұр түс реңктері бар 12 түстен тұрады.
ЖАҢА ES ИНТЕРЬЕР Автокөліктің пішінімен және атмосферасымен жұмыс жасау барысында ES-тің бас дизайнері Ясуо Кадзино мен оның командасы үшін болашақ Lexus интерьерінің жүргізушіге бағытталған кокпиті алдыңғы жолаушыға арналған кең әрі ыңғайлы кеңістікпен үйлесетін концепциясы бастапқы нүкте болды. Бұл опционалды навигациялық жүйе мен қосылатын қызметтердің толық спектріне ие біртұтас кеңістік болады. Навигациялық жүйе 12,3 дюймдік мультимедиалық дисплеймен және екінші буындағы Remote Touch бақылағышымен жабдықталған. Apple CarPlay және Android Auto смартфондарының интеграциясы платформаларына қолдау көрсету арқылы мобильді құрылғыларды пайдалану мүмкіндігі айтарлықтай кеңейтілді.
ЖАҢА ES ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ Бас инженер Ясухиро Сакакибара ES-тің алдыңғы үлгілердің барлығымен салыстырғанда динамикалық сипаттамалардың түбегейлі жаңа деңгейіне жету мақсатында әзірленгендігін атап өтті. Шассиді әзірлеген команда жүргізушінің әр әрекетіне жылдам жауап беру қасиетіне ие жайлы болжамдық сезімін жасау тәсілдерін іздеді. Lexus-тің бас жүргізуші-сынаушысы Йошиаки Ито былай деп түсіндірді: «Біз әр жүргізушінің ES рөлінде отырғанда автокөлікті толық бақылауда ұстап отырғандығын сезінгенін қалаймыз. Бұл жайлылықтың жәй ғана бірқалыпты жүргізуден асып түсетін жаңа деңгейі».
КЕРЕМЕТ ҚАЛАЛЫҚ КРОССОВЕР ӨЗІҢІЗ ҮШІН NX-ТІ АШЫҢЫЗ remove ҚОСЫМША СЕРВИСТЕРДІ НЕСИЕЛЕУ ТОЛЫҒЫРАҚ remove