СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Lexus GX

Білікті техникалық қызметті жүйелі түрде көрсету конструкторлардың сіздерге тиесілі Лексус маркалы автокөліктердің негізіне салған жұмысқа жарамдылық, қауіпсіздік және сенімділік сияқты қасиеттерді қолдауға мүмкіндік береді. Бұл, сонымен қатар, автокөлікті сатып алған кезде инвестициялаған қаражаттарыңызды барынша сақтап қалуға көмектеседі.

Лексус маркалы автокөліктеріңізге қызмет көрсету үшін төмендегі себептермен Ресми дилерге хабарласуларыңызға кеңес береміз:

- Лексус маркалы автокөліктеріңізге Лексус автокөліктеріне қызмет көрсету саласында соңғы технологиялық жетістіктерді меңгерген біліктілігі жоғары кәсіби механиктер қызмет көрсетеді.
- Дилерлік орталықта автокөліктеріңізге дұрыс және жылдам қызмет көрсету үшін әзірленген қажетті арнайы құралдар мен жабдықтар бар.
- Лексус Астана сіздерге тиесілі Лексус автокөлігінің үлгісіне қызмет көрсету бойынша ең соңғы техникалық ақпаратқа ие. Сондай-ақ ол, қандай да бір қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, Өндірушіге хабарласа алады.
- Автокөліктеріңізге қызмет көрсету үшін Лексус Астана Лексус және Тойота түпнұсқалық қосалқы бөлшектерін пайдаланады. Олар Лексус маркалы автокөліктеріңізге бастапқыда орнатылған түпнұсқалық қосалқы бөлшектердегідей жоғары сапаға ие. Бұған қоса, осы нұсқаулықта сипатталғандай, түпнұсқалық қосалқы бөлшектерге Өндіруші кепілдік береді.

Лексус Астана сервис орталығында орындалатын жұмыстардың тізімі:

► Әр 10 000 км сайын регламенттік техникалық қызмет көрсету.
► Диагностиканың барлық түрлері
► Доңғалақ ауыстыру, теңгеру
► Отын жүйесін жуу
► Жүріс бөлігін жөндеу
► Электрлік жабдықты жөндеу
► Қозғалтқышты күрделі жөндеу
► Тежегіш дискілерін жону
► Hunter жабдығында доңғалақтар геометриясы
► Фаралар жарығын реттеу
► Сигнал беру жүйесін орнату
► Eberspacher дербес жылытқыштарын орнату
► Автокондиционерлерді толтыру
► Алдыңғы әйнектерді ауыстыру
► Әйнектерді күңгірттеу
► Шанақты жылтырату
► Шанақ жұмыстары
► Салонды химиялық тазалау
► Салонды шудан оқшаулау
► Шанақтың қорғаныс үлдірлерін орнату
► KHANN аэродинамикалық бастырығын орнату

Толығырақ ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы біле аласыздар:
+7 (7172) 57 74 74, +7 778 003 74 74.

Лексус Астана ресми дилері:
Астана қ-сы, Қабанбай батыр даңғ., 37-үй



СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ЖАЗЫЛУ
ЛЕКСУС АСТАНА-да өздеріңізге ыңғайлы уақытта қызмет көрсетуге өтінім қалдыру үшін «Сервистік қызмет көрсетуге жазылу» нысанын толтырыңыздар. Мамандарымыз сіздермен жақын арада байланысады