ЛЕКСУС АСТАНА РЕСМИ ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ-СІЗДЕРМЕН 13 ЖЫЛ!

Lexus GX
Lexus Astana ресми дилерлік орталығы ("Astana Motors Premium" ЖШС) 2012 жылдың сәуір айында "Астана Моторс" Мотор компаниясымен ашылды (толығырақ компаниямен сілтеме бойынша таныса аласыз http://www.astana-motors.kz/ ).

Lexus Astana Lexus Experience жүйесі - Lexus дилерлік орталықтарында клиенттерге қызмет көрсетудің жаһандық стандарты бойынша "5 жұлдыз" ең жоғары рейтингіне ие.

Lexus Astana 2017, 2020 және 2023 жж қорытындысы бойынша сервисті дамытудағы үздік нәтижелері және қонақжайлылықтың жоғары стандарттары үшін берілетін Lexus Kiwami сыйлығының үш дүркін жеңімпазы болып табылады.

Lexus Astana автоорталығы қаланың беделді іскерлік бөлігінде елорданың сол жағалауында орналасқан. "Астана Моторс" КМК барлық автоорталықтары сияқты, Lexus Astana "үш s" қағидаты бойынша жұмыс істейді: Sales (автомобильдерді сату), Service (сервистік қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқа қосалқы бөлшектерді сату).

Автоорталықтың жайлы клиенттік аймағы Lexus Astana қонақтарына автокөлікті сатып алуды немесе оған қызмет көрсетуді ресімдеуге қажетті уақытты ыңғайлы өткізуге мүмкіндік береді. Еуропа мен АҚШ-тың жетекші өндірушілерінің соңғы техникасымен жабдықталған сервистік аймақта автомобильдің қозғалтқышына, жүріс және электр бөліктеріне техникалық қызмет көрсету, диагностика, жөндеу бойынша қызметтердің толық кешені ұсынылады.

Автоорталықтың кең шоу-бөлмесінде Қазақстанға ресми жеткізілетін Lexus автомобильдерінің барлық модельдік қатары ұсынылған, сондай-ақ мұнда түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды таңдауға болады.



Толығырақ ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы біле аласыздар:
+7 (7172) 57 74 74, +7 778 003 74 74.

Лексус Астана ресми дилері:
Астана, Қабанбай батыр даңғ., 37-үй




Посмотреть на карте Астаны