ЭЛЕКТР ЖЕТЕК
Жаңа көкжиектерді ашатын толықтай электрлік кроссовер.
500 км дейін
Электр тарту күшімен жүріс қоры
28 минут
Зарядтау (10%–80%)
4,6 с
0–100 км/сағ
Толық DIRECT 4
Жетек
Мүлдем жаңа тәсіл
Толық электрлі архитектура Lexus дизайнерлеріне жаңа мүмкіндіктер ашып, іштен жану қозғалтқышы бар дәстүрлі модельдерден айқын ерекшеленетін автомобиль жасауға мүмкіндік берді. Дизайн негізінде үш негізгі идеяны — бірқалыптылықты, эмоциялық әсерді және толық электрлі жетектің артықшылықтарын — біртұтас үйлестіретін Seamless E-Motion тұжырымдамасы жатыр. Соның арқасында жаңа RZ заманауи, серпінді әрі технологиялық сипатқа ие бола отырып, Lexus-ке тән бірегей болмысын сақтайды.
ИНТЕРЬЕР
Жайлылық пен экологиялық жауапкершіліктің мінсіз үйлесімінен ләззат алыңыз — интерьер премиум сападағы этикалық материалдармен әрленген.
RZ интерьері туралы толығырақСЫРТҚЫ КӨРІНІС
Толықтай электрлік платформа пішін мен функционалдылықты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
Ультра жұқа төрт секциялы фаралар ұршық тәрізді радиатор торын толықтырып, әсерлі фирмалық келбет береді.
Айқын әрі сүйір силуэт автокөліктің атлетикалық түрін айқындайды.
Артқы шамдардың аса кең жарықдиодты жолағы жапондық модернизм мен минимализмді еске салады.
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Кең панорамалық шыны шатыр бір түрту арқылы мөлдір түстен қою көк түске өзгереді.
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Интерьердің адамға бағытталған озық технологиялары жүргізу ыңғайлылығы мен ләззатын арттырады.
Технологиялық ерекшеліктерін қарауApple CarPlay® және Android Auto™
Жолда байланыста болыңыз. Смартфонның негізгі қолданбаларына тікелей сенсорлық экраннан сымсыз қол жеткізіңіз.
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Әлеміңізді нұрландырыңыз
Ойын-сауық пен ақпарат — байланыс мүмкіндіктерімен, ыңғайлылықпен және бақылаумен.
RZ технологияларыЖүргізушіге бағытталған дизайн. Интерьер стилі жайлылықпен және шеберлікпен үйлесетін футуристік кеңістік.
RZ интерьеріЭлектрмобильдің лездік айналу сәті мен талғампаз жайлылығы бар мінсіз динамикасынан ләззат алыңыз.
RZ өнімділігі