БӨЛІП ТӨЛЕУ 0%

Lexus GX

АВТОКӨЛІКТІ ЖӨНДЕУГЕ, ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР МЕН АКСЕССУАРЛАРҒА АРНАЛҒАН ПАЙЫЗСЫЗ БӨЛІП ТӨЛЕУ

Құрметті Лексус Астана клиенттері! Автокөліктеріңіз жөндеуді қажет етсе, бірақ туындаған ақаулықтарды жоюға қаражаттарыңыз болмаса, сіздер автокөлікті жөндеуге, қосалқы бөлшектер мен аксессуарларға арналған пайызсыз бөліп төлеу бірегей қызметін пайдалана аласыздар.

- 0 % бастапқы жарна
- 0 % артық төлеу
- ПАЙЫЗСЫЗ бөліп төлеу мерзімі — 5 ай

Жаңа ұсынысты пайдалану үшін алдын ала төлем де, артық төлеу де қажет болмайды. Ақшалай қаражаттың түсуін де күтпейсіздер. Көлікті дәл қазір жөндеп, көрсетілген қызметтің ақысын 6 ай ішінде төлей аласыздар. Бөліп төлеу арқылы жөндеуге тапсырыс беріп, сіздер ақшаларыңызды үнемдейсіздер және болуы мүмкін жол-көлік оқиғаларының алдын алып, өздеріңіз бен жолаушыларыңыздың өмірін сақтап қаласыздар.

Автокөлік иелері неліктен бөліп төлеуді таңдайды?

Жарамсыз автокөлікпен жол жүру қауіпті және үлкен қиындықтарға әкелуі мүмкін. Көлік кенеттен толығымен өшіп қалуы немесе, керісінше, жоғары жылдамдықпен жүрген кезде тежегіштер істемей қалуы мүмкін. Жүргізуші көлікті басқара алмай, автокөлік жаяужолға, кюветке немесе қарсы жолаққа шығып кетуі мүмкін. Нәтижесінде адамдар зардап шегіп, автокөлік қымбат бағалы жөндеуді қажет етеді. Ұсынысты пайдаланып, көлікті бөліп төлеу арқылы жөндеуге тапсырыс беруге болатын болса, бұндай тәуекелге барудың қажеті қанша?

Сенімді автокөлік иелері көліктерін уақтылы жөндейді. Олар қайғылы салдарды күтпейді, өз өмірлерін бағалайды және артық материалдық шығындардың алдын алуға тырысады. Бұрын жүргізуші өзі мен жақындарын тәуекелге ұшыратып, жөндеуді кейінге қалдыруға мәжбүр болса, бүгінде автокөлікті жөндеуге, қосалқы бөлшектер мен аксессуарларға арналған пайызсыз бөліп төлеу арқылы қиыншылықтардан қандай да бір шығындарсыз құтылуға болады.

Қысқа уақыт ішінде тәжірибелі мамандар барлық ақаулықтарды жояды. Жөндеу, қосалқы бөлшектер немесе аксессуарлар құнын 5 ай ішінде пайызсыз және артық төлемсіз төлей аласыздар!

Толығырақ ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы біле аласыздар:
+7 (7172) 57 74 74, +7 778 003 74 74.

Лексус Астана ресми дилері:
Астана қ-сы, Қабанбай батыр даңғ., 37-үй