АВТОКӨЛІК ДЕТЕЙЛИНГІ

Lexus GX

Лексус Астана автокөліктің шанақ элементтерін түрлендіруге, қосымша қорғанысты қамтамасыз етуге бағытталған көптеген қызмет түрлерін ұсынады. Сіздер автокөліктің бастапқы жарқын бейнесі мен жарқылын сақтай аласыздар, сонымен қатар, көліктің осал жерлерін механикалық әсерлер, кетіктер мен сызаттар, ультракүлгін және инфрақызыл сәулелер, коррозиялық аймақтардың пайда болуы сияқты жағымсыз факторлардан қорғай аласыздар.

Біздің компаниямыз автокөлік шанағын қорғауға арналған қызметтердің кең ауқымды спектрін ұсынады:

-Автокөлік салонының элементтеріне наножабындарды қолдану;
-Автокөлік кондиционеріне күтім жасау;
-Автокөлік салонын химиялық тазалау;
-Салонның былғары элементтерін жаңғырту;
-Салонның былғары элементтерін бояу;
-Салонның пластик элементтерін қалпына келтіру;
-Автокөлік рулін қайта тарту;
-Автокөлік шанағына қиыршықтасқа қарсы үлдір жапсыру;
-Әйнектерге бұзуға төзімді үлдір жапсыру;
-Салон элементтеріне арнайы қорғаныс үлдірін жапсыру;
-Автокөлікті күңгірттеу;
-3, 6, 9 қабатты арнайы қорғаныс жабынын (нанокерамика) қолдану;
-Автокөлік шанағын кәсіби түрде жылтыратып өңдеу;
Детейлингтен кейін автокөлік су жаңа болып көрінеді және бұл оны орташа нарықтық бағадан қымбатырақ сатуға көмектеседі.
Лексус Астана ұсынатын детейлинг – бұл
— көп жылдық жұмыс тәжірибесі
— көрсетілетін қызметтердің кең ауқымды спектрі мен жеткізілетін өнімдердің ассортименті
— пайдаланылатын құралдар мен көрсетілетін қызметтердің мінсіз сапасы — компанияның сапа стандарттары
— жұмыстардың орындалу кепілдігі

Галереяда детейлинг студиясындағы мамандарымыздың жұмыстары көрсетілген бейнероликтер бар:

АВТОМОБИЛЬНЫЙ ДЕТЕЙЛИНГ









Детейлинг. Покрытие антигравийной пленкой. Часть 2.





Детейлинг. Антивандальная Пленка

Ремонт и восстановление кожи салона автомобиля

























Толығырақ ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы біле аласыздар:
+7 (7172) 57 74 74, +7 778 003 74 74.

Лексус Астана ресми дилері:
Астана қ-сы, Қабанбай батыр даңғ., 37-үй