lx570

ҚАРЖЫЛЫҚ ЛИЗИНГ

ҚАРЖЫЛЫҚ ЛИЗИНГ

Қаржылық лизинг — кәсіпорындарға үлкен экономикалық пайда әкелетін тиімді, ыңғайлы әрі қолжетімді қаржылық құрал. Қаржылық лизинг, меншікті резервтерді және ауыр кредиттерді тартпастан, кәсіпорынның өндірістік қуатын күшейтуге мүмкіндік береді.

Талаптар:
• Аванстық төлем – лизинг мәні құнының 20 %-ы;
• Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 17 %-дан бастап;
• Лизинг мерзімі – 37 ай;
• Өтінімді қарау мерзімі – 3-5 жұмыс күні.

Артықшылықтары:
• Ең аз бастапқы капитал жұмсалымын қажет етеді және айналым қаражатынан көп мөлшердегі ақша ресурстарын алудың қажеті болмайды;
• Сатып алынатын лизинг мәні мәміленің жалғыз кепілдігі ретінде әрекет етеді (қосымша кепілдік қажет емес);
• Лизингтік төлемдер өндіріс шығындарына жатады, бұл салық салынатын базаны азайтады, ал ұзақ мерзімді бөліп төлеу тұрақты төлемдердің мөлшерін айтарлықтай азайтып, активтеріңізді тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді;
• Лизинг шартының мерзімі аяқталғаннан кейін және барлық лизингтік төлемдер төленгеннен кейін лизинг мәні Лизинг алушының меншігіне өтеді.


Жедел лизинг

Жедел лизинг — бұл толық сервистік қызмет көрсетумен автокөліктерді ұзақ мерзімге жалға алу.

Толық сервистік қызмет көрсетумен ұзақ мерзімді жалға алу мына жағдайларда тиімді шешім болып табылады:
- Компанияның көлікпен қамтамасыз ету мәселелерін шешу қажет болғанда;
- Автокөлік сатып алу әлі жоспарда болмаса;
- Ұзақ мерзімге жеке автокөлік қажет болғанда.

Талаптар:
• Аванстық төлем – 0 %;
• Сыйақы мөлшерлемесі – 0 %;
• Жалға алу мерзімі – 12 айдан 60 айға дейін;
• Өтінімді қарау мерзімі – 3-5 жұмыс күні.

Артықшылықтары:
• Моральдық тозу шамасына қарай автокөлікті ауыстыру мүмкіндігі;
• Автокөлік паркін күту және басқару мәселелерінің болмауы. «Astana Motors Finance» компаниясы автокөлікті сатып алу, уәкілетті мемлекеттік органдарда тіркеу, сақтандыру, техникалық және сервистік қызмет көрсету бойынша барлық міндеттемелерді, сондай-ақ Жалдау шарты қолданылатын бүкіл мерзімде қолданыстағы салықтар мен аударымдарды төлеуді өз мойнына алады;
• «Astana Motors Finance» компаниясы автокөлік құралының қатысуымен болатын барлық сақтандыру жағдайларына қолдау көрсетеді;
• Автокөліктерге толық кәсіби сервистік және техникалық қызмет көрсету Жалдау шарты қолданылатын бүкіл мерзімде «Астана-Моторс» мамандандырылған сервис орталығында жүзеге асырылады;
• Жалдау шартының мерзімі аяқталғаннан кейін автокөлік паркін ұқсас талаптарда жаңа автокөлікпен жаңарту немесе автокөлікті өтеуін төлеп алу мүмкіндігі бар.


Толығырақ ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы біле аласыздар:
+7 (7172) 57 74 74, +7 778 003 74 74.

Лексус Астана ресми дилері:
Нұр-Сұлтан қ-сы, Қабанбай батыр даңғ., 37-үй