ls experience hero non hybrid

ЖАҢА LEXUS UX

ЖАҢА КӨКЖИЕКТІ АШАТЫН КРОССОВЕР

Су жаңа Lexus UX алдыңғы буындарының барлығына қарсы шығады. Оның батыл дизайны айқын күшті бейнелейді. Сонымен қатар, оның таңдаулы бөлшектерінен жаңа автокөліктің стильді және қарқынды мәнезі көрінеді.

LEXUS UX-ПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

Алдыңғы жағындағы берік радиатордың фирмалық торынан бастап, спорттық мүсіні мен артқы бөліктің бірегей дизайнымен аяқтай отырып, жаңа Lexus UX кроссоверді қабылдаудың жаңа тәсілін қалыптастырады. Жаңа модельдің салоны әдемілігі жағынан алдыңғыларынан кем емес: дизайнның негізінде – Энгаваның жапондық сәулет тұжырымдамасы жатыр, оған сәйкес ішкі және сыртқы кеңістік арасындағы мүлде шекара жоқ сияқты. Жүргізушіге жасалған сәнді әрі жайлы атмосферада өзіңізді қауіпсіздікпен қатар үйде жүргендей сезініңіз.

2019 lexus ux presales key features
  • ХЭТЧБЕК МАНЕВРЛІЛІГІ keyboard_arrow_down

    Заманауи кроссовердің жайлылығы мен асты жоғары үлгісінен ләззат алыңыз. Төмен ауырлық ортасы және қатты платформа Lexus UX автомобилін басқарудан кроссоверге тән емес керемет сезімдерді бастан кешіруге мүмкіндік береді. Жолдағы сенімділік дөңгелек аркалары мен артқы фаралардың конструкциясына кіріктірілген және жоғары жылдамдық пен бүйірден соққан қатты жел кезінде тұрақтылықты қамтамасыз ететін бірегей аэродинамикалық тұрақтандырғыштар есебінен күшейеді.

  • БІРЕГЕЙ ШЕБЕРЛІК keyboard_arrow_down

    Біздің Такуми шеберлеріміз аса жоғары сапалы материалдарды пайдалана отырып, Lexus UX салонында бірегей атмосфера жасады. Орындықтар өндірісінде ойықталған өрнек жасау әдісі және дәстүрлі жапондық сашико кестелерін қолдану өнері қолданылады.

  • ЖОҒАРЫ ӨНІМДІЛІК keyboard_arrow_down

    Lexus UX таңдау үшін екі заманауи қозғалтқышты, соның ішінде отын шығынының өз класындағы максималды тиімділігі мен ымырасыз динамикалық сипаттамаларды біріктіретін гибридті қозғалтқыштың жаңа буынын ұсынады. Балама ретінде отын үнемдеудің жоғары деңгейімен жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін бензинді қозғалтқышты таңдауға болады.

  • ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР keyboard_arrow_down

    Сымсыз зарядтау құрылғысын пайдалану мүмкіндігі арқасында енді сымдар туралы алаңдамауға болады.

  • F SPORT СТИЛІ keyboard_arrow_down

    UX 200 F SPORT моделі 2,0 л атмосфералық қозғалтқышпен жабдықталған. Жүйенің 150 а. к. құрайтын жалпы шығыс қуаты арқасында, UX 200 моделі қозғалыстың барынша бірқалыпты болуын, жүргізуші әрекетіне жылдам реакцияны және оңай басқаруды қамтамасыз етеді.

Lexus UX туралы көбірек білгіңіз келсе, Өтінім қалдырыңыз.



img

СУ ЖАҢА LEXUS UX-ТІ ҚАРСЫ АЛЫҢЫЗ

LEXUS UX AR

Кез келген жерді шоу-румға айналдырып, толықтырылған шынайылық қосымшасының көмегімен су жаңа Lexus UX-ке мұқият зер салып, қарап шығыңыз. Lexus UX-тің сырт келбеті мен салонын барлық қырынан және жоғары айқындылықта көру үшін 360 градустық шолуды пайдаланыңыз.

Next steps