ДИНАМИКА F ФИЛОСОФИЯСЫ Біз автокөліктің динамикасы – бұл жәй ғана қуаттылықтан артық екенін білеміз. Ол физикалық және эмоциялық сезімдермен байланысты.
ЖАРЫС ЖОЛЫНДА ЖАРЫҚ КӨРГЕН ФУДЗИ СПИДВЕЙ ЖӘНЕ НЮРБУРГРИНГ Біздің сынақтардың басым бөлігі әлемдегі ең күрделі тас жолдардың бірі, аңызға айналған жапониялық Фудзи Спидвей автодромында өтеді. Біздің F философиямыздың атауындағы "F" литерасы дәл сонымен байланысты. Сонымен қатар, біз Еуропадағы әйгілі неміс тас жолы Нюрбургрингте сынақ өткіземіз. Бұл тректің құрметіне LFA-дің Nürburgring Edition деп аталатын әсерлі нұсқасы жарық көрді. Бұл сипатамалары бойынша ерекше әрі өте сирек кездесетін автокөлік: бар болғаны 50 данасы шығарылған. Жаңа аса сәнді LC купесі жыл сайынғы "Нюрбургрингтің 24 сағаты"жарысында алғаш жарық көрді, ол кезде автокөлік жарыс алдындағы шеруде таныстырылған болатын.
ЖАРЫС ЖОЛЫНДА ЖАРЫҚ КӨРГЕН АСА БАЙ МҰРА LFA — қай жағынан алып қарасаң да, нағыз суперкар. Ол біздің жарыстық инновацияларымыздың тарихын жалғастырады және толықтырады. Амбициялық идеяның мінсіз іске асқандығының жарқын мысалы бола отырып, автокөлік біздің мүмкіндік аясын кеңейтуге деген үздіксіз ұмтылысымызды көрсетеді. LFA сізге біздің жүргізуші мен автокөлік арасында мінсіз қарым-қатынас орнатуға деген ықыласымызды толық сезінуге мүмкіндік береді. Оның жаңашыл рухы F-ті қоса алғанда, басқа да үлгілерге терең ықпал етеді. Бастапқыда LFA үшін жасалған дүние көп уақыт өтпей өзге де автокөліктерден көрініс табады. Lexus автокөліктерінің бәріне тән абсолютті, шабыт беретін қарқындылыққа қол жеткізу үшін біз жарыс тас жолын F сериясына арналған инновациялар зертханасы ретінде пайдаланамыз.