TRADE-IN

Lexus GX

TRADE-IN

«Лексус Астана» дилерлік орталығы сіздерге Trade-in бағдарламасы бойынша автокөліктерді сатуды қуана ұсынады. Бұл бағдарлама аясында сіздер қысқа мерзім ішінде ескі автокөліктеріңізді жаңасына ауыстыра аласыздар. «Лексус Астана» ұсынатын Trade-in бағдарламасының басты міндеті — көп күттірмей автокөлікті ауыстыру. Trade-In — жүрілген автокөліктеріңіздің құнын біздің орталықтан сатып алынған кез келген жаңа немесе жүрілген автокөлік құнының есебіне алуға мүмкіндік беретін айырбастау бағдарламасы.

TRADE-IN БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

МӘМІЛЕНІҢ ЫҢҒАЙЛЫЛЫҒЫ

Сіздерге Trade-in бағдарламасына қатысты барлық мәселелер бойынша кеңес беретін жүрілген автокөліктер бөлімінің менеджері тағайындалады.

УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ

Ресми дилер, автокөліктеріңіздің кейіннен сатылу мерзімдеріне қарамастан, автокөліктеріңіз үшін төленетін қаражатты жаңасының есебіне аударуды ұсынады.

МӘМІЛЕНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Кейде «күмәнды» болып жататын сатып алушылармен кездесудің, автокөліктеріңізді көп рет көрсетудің, алаңдататын қоңыраулардың қажеті жоқ.

TRADE-IN БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЯСЫНДА ТӨМЕНДЕГІЛЕР ҚОЛЖЕТІМДІ:

АЙЫРБАС

Сіздер автокөліктеріңізді жаңа немесе жүрілген автокөлікке айырбастай аласыздар. Айырбастау кезінде сіздердің тараптарыңыздан да, біздің тараптан да қосымша төлем жасау мүмкіндігі бар. Айырбастауға, шығарылған күніне қарамастан, кез келген брендтегі (таза емес заңдық тарихы және күрделі ақаулары бар автокөлік құралдарын қоспағанда) автокөлік үлгілері қабылданады. Жүрілген автокөліктерді айырбастаған кезде сіздер сатып алатын автокөліктің техникалық жай-күйінің жақсы болатынына және заңдық тұрғыдан таза болатынына сенімді боласыздар.

КОМИССИЯЛЫҚ САТУ

Сіздер автокөліктеріңізді біздің дилерлік орталықтарымыздың бірінде комиссиялық сатуға қоя аласыздар. Біз сіздердің автокөліктеріңізді сатуды, соның ішінде оның жарнамасын және оны әлеуетті сатып алушыларға көрсетуді өз мойнымызға аламыз және сіздер мәміленің қауіпсіздігі мен құпиялылығына сенімді бола аласыздар. Автокөлік сіз тағайындаған бағамен сатылатын болады. Комиссияға, шығарылған күніне қарамастан, кез келген брендтегі және үлгідегі автокөліктер (таза емес заңдық тарихы және күрделі ақаулары бар автокөлік құралдарын қоспағанда) қабылданады.

АВТОКӨЛІКТІ ӨТЕУІН ТӨЛЕП АЛУ

Біз сіздердің автокөліктеріңізді қысқа мерзімде өтеуін төлеп аламыз. Сіздер мәміленің қауіпсіздігі мен құпиялылығына сенімді бола аласыздар. Бағалау және диагностикалау рәсімі бірнеше сағатты алады. Төлем мәмілені рәсімдеу кезінде жасалады.

КРЕДИТТЕУ

Автокөліктеріңіз жаңа автокөлік сатып алуға кредит бойынша бастапқы жарна ретінде қолданыла алады. Сіздер біздің кез келген дилерлік орталықтарымызда жаңа автокөлік пен жүрілген автокөлік сатып алуға кредит рәсімдей аласыздар.




Лексус Астана ресми дилері:
Астана қ-сы, Қабанбай батыр даңғ., 37-үй