Stay Ahead (Бір қадам озық) фильмінде жаңа Lexus RX бұрын-соңды ешкім көрмеген жүргізу деңгейін назарға ұсынады. Электрлендірілген RX-тің түйінді ерекшеліктері мен технологияларының жүргізушіге қуғыншылардан құтылуға қалай көмектесетіні жайлы біліңіз.
RX500h F SPORT Performance гибридті нұсқасының әсерлі дизайны мен электрлендіру технологиялары RX-тің спорттық мінезіне жаңаша көзбен қарауға мүмкіндік береді. Қара түсті корпусы бар аэродинамикалық сыртқы артқы көрініс айналарынан бөлек көз тартарлық F Aluminium қыстырмалары мен күдері орындықтардың айқын бүйірлік тіреулері модельдің спорттық стилін айшықтай түседі. Жалпы қуаты 371 а. к.* құрайтын бірегей гибридті күшті қондырғы көлікті жүргізуден ұмытылмас әсер алатыныңызға кепілдік береді.
Қалқыма мәтін:
Жаңа RX 500h Performance — турбиналы іштен жану қозғалтқышы бар бірінші Lexus гибриді — бой шіміріктірер динамикасымен ерекшеленеді. Жаңа гибридті архитектураның құрамына турбоайдауышы бар 2,4 литрлік қозғалтқыш пен 6 сатылы автоматтық беріліс қорабы кіреді. 371 а. к. немесе 273 кВт (DIN бойынша) құрайтын жиынтық қуатының арқасында автокөлік жылдамдығын 100 км/сағ дейін таңғаларлық 6,2 секундта үдетеді.