AB_1920x1080_kz

Александр Бублик Қазақстандағы Lexus амбассадоры болды

Қазақстандағы №1 теннисші және ерлер ұлттық құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Қазақстандағы Lexus премиум автокөлік брендінің амбассадоры болды. Lexus Kazakhstan спортшымен бірге бүкіл Қазақстан бойынша балаларға қолдау көрсету және олардың спорттық жетістіктерін қолдау үшін бірлескен күш-жігерін жұмсайды.

Қазіргі таңда Александр Бублик – ATP турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы және Үлкен дулыға турнирінің жұптық сынында финалға шыққан теннисші. Биыл үздік қазақстандық теннисші ATP әлемдік рейтингінің жаңа нұсқасында 17-ші орынға ие болып, рекордтық жетістікке жетті.

Alexander Bublik

Lexus Kazakhstan компаниясымен серіктестіктің аясында Александр Бублик республиканың түкпір-түкпірінен келген балаларды теннис әлемімен таныстыруға және осы тамаша спорт түрімен олардың белсенді айналыса бастауына көмектесіп, «Tennis For Life by Lexus» бағдарламасымен таныстыратын болады

«Tennis For Life by Lexus» бағдарламасын іске қосу және жүзеге асыру бастамасы Lexus Kazakhstan компаниясына тиесілі және бағдарлама Қазақстан теннис федерациясының айтарлықтай қолдауының арқасында жүзеге асырылып отыр. Қазақстан теннис федерациясы көптеген жылдар бойы теннистегі балаларды дамыту бойынша ауқымды бағдарламаларды сәтті енгізіп келеді, бұл бағдарламалар балаларға тіпті 3-4 жастан бастап келешектегі әлемдік жетістіктеріне дайындықты бастауға мүмкіндік беріп, спорттағы жолының әр кезеңінде әбден жетілуге көмектеседі.

Осы бастаманы қолдай отырып, Lexus Kazakhstan «Tennis For Life by Lexus» миссиясын тенниске көп баланы тартудан, олардың бойына өмірлік спорттық дағдыларды сіңіруден және ойыншының теннистегі алғашқы қадамдарынан бастап беделді халықаралық жарыстарға қатысуына дейінгі даму жолын қамтамасыз ететін тұрақты жүйені құрудан көреді. Мектепке дейінгі жастағы және жоғары жастағы балаларға арналған және тиісті дайындықты қамтамасыз ететін осындай бағдарламалар болған кезде ғана бренд-амбассадор Александр Бубликтің жетістігімен салыстыруға болатын жаһандық жетістікке қол жеткізу мүмкін болады. Бұл тұрғыда Lexus Kazakhstan Қазақстан теннис федерациясының бастамаларын толығымен қолдайды.
«Жасөспірімдер арасындағы жарыстарда жеңіске жеткен 13-14 жастағы баланы көрсеңіз, бұл оның 3-5 жаста тенниспен айналыса бастағанын; бала кезінен бастап оның қажетті инфрақұрылымы, байыпты дайындығы және жарыстарға қатысу тәжірибесі болғанын білдіреді. Tennis for Life by Lexus бағдарламасы ойыншылардың жүйелі дайындалуына жағдай жасауға көмектеседі, ал үлкен спорт жолын таңдамайтын балалар кейінгі өмірінде пайдаға асатын баға жетпес спорттық дағдылар сіңіреді», – деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.

Александр Бублик, Қазақстандағы Lexus брендінің амбассадоры, сондай-ақ «Tennis For Life by Lexus» бағдарламасының елшісі өзінің Lexus Kazakhstan мен Қазақстан теннис федерациясының бірлескен жобасына қатысатыны жөнінде төмендегідей айтып өтті:

“Балаларымыздың өз өміріндегі алғашқы добынан бастап халықаралық жарыстардағы ірі жеңістеріне дейінгі осы бір керемет қызықты жолға түсуіне Lexus Kazakhstan мен Қазақстан теннис федерациясымен бірлесіп қолдау көрсете алатыныма қуаныштымын. Біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Қазақстанда жаңа чемпиондар өседі, ал теннис еліміздің бүкіл халқы үшін бұқаралық спорт түріне айналады деп сенемін”, – деді Александр Бублик, «Tennis For Life by Lexus» бағдарламасының елшісі, Қазақстандағы Lexus брендінің амбассадоры.

Alexander Bublik
Lexus Kazakhstan компаниясы 3 - 12 жас аралығындағы балаларды теннис өміріне белсенді тартуды және олардың спорттық дағдыларын дамытуды жоспарлап отыр. Осы спорт түріндегі балалардың санын арттыруға және кіші жастағы балаларды теннис әлемімен таныстыруға мүмкіндік беретін мектепке дейінгі мекемелердегі балаларға арналған іс-шаралар мен белсенді іс-әрекеттер; сол сияқты арнайы командалар ұйымдастырылатын, сондай-ақ теннис бойынша турнирлер, фестивальдар мен көшпелі сессиялар өткізілетін тенниспен айналысып жүрген балаларды қолдау бағдарламалары да бағдарламаға кіреді. Сонымен қатар «Tennis For Life by Lexus»  бағдарламасы балалар үйіннен шыққан талантты балаларға қолдау көрсетеді.
Маңызды оқиға жөнінде Lexus Kazakhstan президенті Джон Томсон былай деді: «Еліміздің үздік теннисшісі және алғашқы ракеткасы Александр Бублик ресми түрде Қазақстандағы біздің брендіміздің елшісі болғаны біз үшін зор құрмет. Біз бірге қоғамның әл-ауқатына өз үлесімізді қосуға тырысамыз және «Tennis For Life by Lexus» бағдарламасы балалар үшін өмірлік шабыт көзіне айналатынына, ал осы спорт түріне деген құштарлық әр баланың бойында күшті мінезді, көшбасшылықты, талапкерлікті және дұрыс құндылықтарды қалыптастыратынына сенімдіміз. Жақында біз спорттағы жолы бұдан кем емес шабыттандыратын және зор құрметке ие адамды – Қазақстандағы Lexus брендінің тағы бір амбассадорын жариялаймыз».
Alexander Bublik
«Tennis For Life by Lexus» үлкен бағдарламасының аясында мектепке дейінгі мекемелермен, оның ішінде балабақшалармен, теннис орталықтарымен және балалар үйлерімен бірге жобалар іске асырылатын болады. Lexus Kazakhstan қоғамның дамуына белсенді қатысып, Қазақстан теннис федерациясының серіктесі бола отырып, Қазақстандағы теннистің танымалдылығын арттыруға көмектеседі және спорттың осы түріне көрсетілетін қолдауды күшейту үшін қолынан келетінінің барлығын жасайды. Осы бастамаларды іске асыру мақсатында компания халықаралық аренада Қазақстанның атын шығаратын әлемдік амбассадорларды тартады, сондай-ақ Lexus Kazakhstan мен брендтің барлық дилерлік орталықтарының егжей-тегжейлі әзірленген қолдау бағдарламасын енгізеді.