ДИЛЕР ТУРАЛЫ

Lexus GX


Lexus Astana ресми дилерлік орталығын («Astana Motors Premium» ЖШС) 2012 жылдың сәуір айында «Астана Моторс» қазақстандық мотор компаниясы ашқан (http://www.astana-motors.kz/ сілтемесі бойынша компаниямен толығырақ таныса аласыздар).

Lexus Astana Lexus дилерлік орталықтарында клиенттерге қызмет көрсетудің жаһандық стандарты – Lexus Experience жүйесі бойынша ең жоғары «5 жұлдыз» рейтингіне ие.

2017 жылдың маусым айында Lexus Astana сервисті дамытудағы ең жақсы нәтижелер үшін берілетін Lexus Kiwami 2017 сыйлығын жеңіп алып, Еуропа құрлығындағы ең үздік 10 дилерлік орталықтың қатарына кірді.

2020 жылы дилерлік орталық ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚТЫҢ ЖОҒАРЫ СТАНДАРТТАРЫ үшін тағы да Lexus Kiwami Award 2020 сыйлығын иеленді.

Lexus Astana автоорталығы елорданың сол жағалауындағы беделді іскерлік ауданда орналасқан. «Астана Моторс» қазақстандық мотор компаниясының барлық автоорталықтары сияқты, Lexus Astana да «үш S» қағидаты бойынша жұмыс істейді: Sales (автокөліктерді сату), Service (сервистік қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді сату).

Автоорталықтың жайлы клиенттік аймағы Lexus Astana қонақтарына автокөлікті сатып алуды рәсімдеуге немесе қызмет көрсетуге қажет болатын уақытты жайлы өткізуге мүмкіндік береді. Еуропа мен АҚШ-тағы жетекші өндірушілердің соңғы техника жетістіктері бойынша жабдықталған сервистік аймақта автокөліктің қозғалтқышына, жүріс бөлігіне және электрлік бөлігіне техникалық қызмет көрсету, диагностикалау, жөндеу бойынша қызмет көрсетулердің толық кешені ұсынылады.

Автоорталықтың кең шоу-румында Қазақстанға ресми түрде жеткізілген Lexus автокөліктерінің толық үлгілік қатары ұсынылған, мұнда сондай-ақ түпнұсқалық қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды таңдай аласыздар.



Толығырақ ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы біле аласыздар:
+7 (7172) 57 74 74, +7 778 003 74 74.

Лексус Астана ресми дилері:
Астана, Қабанбай батыр даңғ., 37-үй




Посмотреть на карте Астаны