ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР Технологиялар жүргізуден алатын әсерді түбегейлі өзгертеді. Біз осы орайда ашылатын мүмкіндіктерді толыққанды пайдалануға тырысамыз. Жаңа функциялар мен инновациялардың есебінен біз сізге ештеңемен салыстыруға келмейтін әсер сыйлауға ұмтыламыз.
ҚИЯЛДАУ ШЕГІН КЕҢЕЙТЕ ОТЫРЫП ЖАҢА ТҮРДЕГІ ОРЫНДЫҚТАР Lexus-тің кинетикалық орындығының революциялық концептісі 2016 жылы Париж автосалонында көпке таныстырылды. Орындықтарға жаңа көзқараспен қараған біз, жайлылық деңгейін көтеретін инновациялық торлы құрылымды әзірледік. Күшейтілген талшықтар орын ауыстыру барысында қауіпсіздік пен қажетті демеумен қаматасыз етеді. Бұл орындықта сіз физикалық және эмоциялық тұрғыда босаңси аласыз.
ҚИЯЛДАУ ШЕГІН КЕҢЕЙТЕ ОТЫРЫП ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ИНТЕРФЕЙСТЕР UX және LF-FC концепт-карларында адам мен автокөлік арасындағы өзара қарым-қатынастың анағұрлым қарапайым, табиғи әрі ыңғайлы концепциялары іске асқан. келешекте бұл үлгілер сіздің ым-ишараңыз бен жанасуларыңызды түсініп, оларға жауап қайтара алатын болады. Одан бөлек, болашақ голограммаларды пайдаланудың кең мүмкіндігін ашады. ӨЗІҢІЗ ҮШІН UX КОНЦЕПТ-КАРЫН АШЫҢЫЗ remove ӨЗІҢІЗ ҮШІН LF-FC КОНЦЕПТ-КАРЫН АШЫҢЫЗ remove