ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ИННОВАЦИЯЛАРҒА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚАРАУ

Мәселе технологияға қатысты болғанда, біз қол жеткізген нәтижемізбен тоқтап қалмаймыз. Оның орнына біз технологиялық әзірлемелерді инновацияларды үздіксіз жасауға арналған шабыттың сарқылмас қоры ретінде қарастырамыз.

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ, КҮТПЕГЕН ҚОЛДАНЫС

Басқа компаниялармен салыстырғанда, біз технологияны қолданыстағы күйінде ғана пайдаланбаймыз. Біз оны Lexus-тің ең жаңа бастамаларының көзі ретінде қарастырамыз. Өзекті шешімдер жаңа қолданыс нұсқалары, инновациялар және әзірлемелердің негізі ретінде қызмет етеді. Біз озық технологияларды әрқашан күтпеген, прогрессивті түрде қолданамыз.


  

    brandpillars tech engine

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ СКАНЕРЛЕУ

Стандартты емес амал-тәсілдеріміздің ізімен, біз компьютерлік томография мен медицина саласындағы технологияларды қабылдадық. Біз күтпеген жерден олардан Lexus-тің қызметі үшін қажет бай потенциалды байқадық.

Қозғалтқыштарды диагностикалаудың дәстүрлі әдістері механикалық және сыртқы тексерістерден тұрады. Бірақ біз әр қозғалтқыштың керемет жағдайына сенімді болғымыз келеді.

Компьютерлік томография бізге қозғалтқыштың ішкі компоненттерін үш өлшемді көріністе тексеруге және кемшіліктерді асқан дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Біз қолданатын диагностиканың дәстүрлі емес әдісі керемет нәтиже береді.

ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС МАТЕРИАЛДАР

Табиғат пен технологияларды біріктіре отырып, біз қоршаған ортаға тиетін зиянды әсерді төмендететін шешімдер әзірлеу үшін экологиялық материалдарды инновациялық тәсілмен қолданамыз. Табиғаттың сұлулығын көрсететін интерьердің бірегей бөліктеріне баға беріңіз. Сіз салоннан стильді әрі функционалды декоративтік әрлеуді және мүлде жаңа элементтерді табасыз.


  
    technology innovation with imagination unconventional materials 01

  

    technology innovation with imagination unconventional materials 02

АУДИОЖҮЙЕНІҢ БАМБУКТАН ЖАСАЛҒАН БӨЛШЕКТЕРІ

Табиғат пен технологиялар CT-дің қуатты динамиктеріндегі тамаша әсерді жасау үшін бірігеді. Біз керемет дыбысқа қол жеткізу үшін бамбукты өзгеше түрде қолдандық.

Динамиктердің диафрагмалары өсімдікті опалды ( бамбук жапырақтарының шетінен табылған ине іспетті микроскоптық құрылым) ағаш көмірмен үйлестіреді. Жеңіл әрі қуатты бұл диафрагма жоғарғы жиіліктерді дәл қосатын жеткілікті дәрежедегі қаттылыққа және өз дірілін бәсеңдетуге арналған иілгіштік қасиетке ие.

ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚТЫҢ КӨМЕГІМЕН ТЕСТІЛЕУ

Біз виртуалды шындық технологияларын қолданып, өз процесстерімізді жаңа деңгейге шығарамыз. Бұл бізге жүргізу жағдайларын да, жүргізушінің реакциясын да асқан дәлдікпен үлгілеуге мүмкіндік береді. Тереңдеу әсерін жасай отырып, біз қауіпсіздіктің түрлі жүйелері бойынша шынайы жүргізушілердің толыққанды кері байланысын аламыз. Біз бұл сайманды сіздің сенімділігіңіз бен қауіпсіздігіңізді арттыра отырып, технологияларымызды жетілдіру үшін пайдаланамыз.


  
    technology innovation with imagination driving simulator process

ЖҮРГІЗУ СИМУЛЯТОРЫ

Интеллектуалды күмбездің ішінде LS тұр. Оны қоршаған экрандарға қала мен автожолдың шынайы суреттері шығарылады. Автокөлік орнатылған цилиндрлер бұрылыстарды, тауға қарай қозғалысты, екпін алу мен тежелуді үлгілеп, еңкейе және айнала алады. Қозғалтқыштың, дірілдің және желдің дыбысының аудиожазбасы әсерді толықтырады. Үлгілеу мүмкіндіктері шексіз. Мысалы, біз бір сарынды жүргізуді қоса отырып, ұйқышылдықтың жүргізушінің әрекетіне қалай әсер ететіндігін зерттей аламыз, бұл бізге ескертудің интеллектуалды жүйесін әзірлеуге көмектеседі. "Мұндай сынақтарды шынайы қолданыс жағдайында өткізу мүмкін болмас еді", – дейді сынақтарды жобалау бойынша жауапты Такахико Мурано (Takahiko Murano).