АВТОСПОРТ

Lexus-тің спорттық динамиканы қамтамасыз етуге деген ымырасыз ұмтылысын бағалау үшін жәй ғана біздің жарыстық суперкарларға көз салыңыз. Сіз өзіңіз үшін тынымсыз жұмыс пен жарыс жолында тестілеудің нәтижесінде жеткен ерекше қуаттылықты ашасыз.

СУПЕРКАР ШАБЫТ КӨЗІ РЕТІНДЕ

Біздің негізінде нағыз әуесқойлық жатқан жүргізуші үшін мінсіз автокөлік әзірлеудегі он жылдық міндетіміз аңызға айналған LFA үлгісінің жасалуымен аяқталды. Заманауи стиль үлгісіне айналған бұл суперкар қарқындылық пен жылдамдықтың жаңа стандарттарын жасады. Lexus-тің келешек спорттық үлгілерін болжай отырып, ол компанияның өзі үшін де эталон болып табылады.


  

  
    lexus lfa born on track

СУПЕРКАР ШАБЫТ КӨЗІ РЕТІНДЕ

АҢЫЗДЫҢ МӘРТЕБЕСІ

LFA суперкары —Lexus динамикасының квинтэссенсиясы және біздің F философиямызға негізделген. 2010 жылы халықаралық Токио автосалонында алғаш таныстырылған бұл көлік әлі күнге аңызға айналған,
эксклюзивті және үлкен сұранысқа ие көлік болып келеді. Үлгінің тек 500 данасы шығарылса да, ол автокөлік индустриясында зор ықыласпен қабылданды. LFA LС және өзге де F нұсқалары үшін үлгі және шабыт көзі болды.

ЖАРЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ

Біздің суперкарлар бәсекелестік жоғары орта болып табылатын жарыс тас жолдары үшін жасалады. Олар командалардың қарсыластарын жылдамдықта не кез келген басқа аспектіде жеңуіне көмектесу үшін жасалған.

ЖАРЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ

ЖЕҢІС ФОРМУЛАСЫ

Lexus компаниясы Нюрбургринг тас жолының Солтүстік бұралаңындағы төзімділік сыналған жарыста жеңіске жеткен тұңғыш азиялық автоөндіруші болды. 2016 жылдың 8 қазанында RC F GT3 прототипі VLN чемпионатының 9-кезеңінде жалпы есепте алғашқы орынды иеленді. Бұл әсерлі автокөлік 540 аттың күшіне ие қозғалтқыштың күш-қуатын барынша ашуға бағытталған озық технологиялық шешімдермен жабдықталған.
Оның өзіндік ерекшелігін аэродинамикалық кедергіні бәсеңдететін арнайы құрылымға ие алдыңғы қанаттар көрсетеді. Жоғары орнатылған ені ұлғайтылған артқы спойлер ең күрделі бұрылыстарда орнықтылықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде қысу күшін түрлендіреді. Осы және басқа да көптеген шешімдер RC F GT3-ті кез келген команда үшін таптырмас көлік етеді және жүргізуден ләззат сыйлайды.

ЖАРЫСТЫҚ СТИЛЬДЕГІ СӘН-САЛТАНАТ

Біз жарыс жолына шыққан кезде сезімдеріміз күшейеді. Біз қозғалыстың барлық аспектілерін мұқият бақылаймыз, содан кейін ашқан жаңалықтарымыз бен идеяларымызды F үлгілерінде және F SPORT нұсқаларында іске асырамыз. Бұл анағұрлым спорттық кескінге сәйкес келетін қарқынды, қызықты жүргізуді қамтамасыз етеді.


  

  
    2017 lexus discover performance overview f sport

ДИНАМИКА

F SPORT

Өзіңізге ұнайтын Lexus үлгісін алыңыз да, оған спорттық кескін беріңіз. Біздің F SPORT үлгісіндегі автокөліктеріміз сыртқы және ішкі дизайнымен, сонымен қатар қызықты саяхатпен қамтамасыз ететін нақты аспа баптауларымен ерекшеленеді.