2018 lexus performance hero

ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Инновациялық технологиялар — дұрыс бағытқа жасалған қадам.

Кейде, расымен де үлкен идеяларды табу үшін санамызға сіңіп кеткен дайын үлгілерден тыс ойлау жеткіліксіз – кез келген дайын үлгіні жойып, барлығын нөлден бастау керек. Өнеркәсіптік дизайнер және технологиялық жаңалық ашушы Лоуренс Кембалл-Куктың амал-тәсілі дәл сондай болды: ол күннен-күнге ушығып бара жатқан климаттың өзгеруіне байланысты жаһнадық мәселеге қатысты мүлде жаңа, шығармашылық шешім табуға бел байлады.
Өзі өнеркәсіптік дизайн және технологияны оқыған Лафборо университетіне барар жолда үнемі жел және күн энергиясына баламаның болу мүмкіндігі жайлы ойланатын Лоуренс инновациялық амал-тәсіл ойлап тапты. «Жылына 75 миллион адам өтетін "Виктория" темір жол вокзалы арқылы өтіп бара жатып, мен онда жүрген адамдардың біршама кинетикалық энергияларын алу мүмкіндіктері жайлы ойлана бастадым», – дейді Кембалл-Кук. "Менің қайта қалпына келетін энергия көздері мен қалалық инфрақұрылымға қатысты өзіндік зерттеулерім маған қала тұрғындарының қадамының энергиясын пайдалануға шабыт берді".


  

  
    2018 lexus performance1 landscape

2009 жылы Кембалл-Кук Pavegen компаниясын құрып, жол жабынын төсеудің ақылды жүйесін әзірлеуді бастады. Ол электромагниттік генераторлар сериясын сығымдау үшін жаяу жүргіншілердің қадамының салмағын пайдаланады. Айналмалы қозғалыс жасау арқылы жинап, аккумуляторда сақтауға немесе жарықтандыру жүйесін энергиямен қамтамасыз ету, сезгектер және деректерді беру үшін орнында пайдалануға болатын аздаған мөлшердегі энергия өндіреді.
Кембалл-Кук бірден өзінің ақылды жабындарын насихаттау үшін тиісті мүмкіндіктерді іздеуге кірісті және бастапқыда жаңа клиенттерді тартудың бірегей әдістерін қолдануға мәжбүр болды.
«Біз алғашқы сатылым үшін құрылыс алаңына еш рұқсатсыз Pavegen плитасын орнатып қойдық, содан кейін әлеуметтік желі арқылы мердігерді Pavegen жүйесін сатып алуға көндірдік», – дейді ол. "Сол уақыт аралығында біз бүкіл әлем бойынша клиент жинап, серіктестер мен басшылар командасының халықаралық желісін құрдық".

  • 
  

  
    2018 lexus performance quote landscape
    
  

  
    2018 lexus performance quote portrait

    «БІЗДІҢ ТЕХНОЛОГИЯМЫЗДЫҢ АЛҒАШҚЫ ПРОТОТИПТЕРІ БІЗБЕН СЕРІКТЕС БОЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН ІСКЕРЛІК САЛА ӨКІЛДЕРІНІҢ, ТҮРЛІ ИНВЕСТОРЛАР МЕН PAVEGEN» ПЛИТАЛАРЫН ПАЙДАЛАНАТЫН АДАМДАРДЫҢ ҮЛКЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ТУДЫРДЫ.», — ДЕЙДІ ОЛ.

    Лоуренс Кембалл-Кук, өнеркәсіптік дизайнер және технологиялық жаңалық ашушы