ДИЗАЙН

ФИРМАЛЫҚ СТИЛЬ

Біздің дизайнға қатысты амал-тәсіліміз L-Finesse концепциясымен анықталады. Бұл нені білдіреді? Біз ең жаңа әзірлемелер мен технологияларды пайдаланамыз және барлық өнімдеріміздің дәлдігін қамтамасыз етуге талпынамыз.

L-FINESSE

Бұл қағиданың негізінде жатқан құндылық шабыт беріп, біздің дизайн саласындағы әр шешімімізді анықтайды.

  • Мүлтіксіз көрегендік

    Жапондық қонақжайлықтың (омотенаши) қағидаларын басшылыққа ала отырып, біз жүргізушілердің қажеттіліктері мен қалауын қанағаттандырамыз. Біз біздің автокөліктерде сапар шегу тек жағымды эмоция сыйлау үшін оларды қатесіз болжап білеміз.

    Дәлдік пен қарапайымдылық

    Біздің өнімдеріміздің барлығы түйсікті түрде түсінікті және қолдануда жағымды болуы тиіс. Lexus автокөліктерінде артық ештеңе жоқ, сондықтан да ешкім сіздің ойыңызды көлік жүргізуден бөлмейді.

    Баурап алатын әсемдік

    Біздің автокөліктеріміздің барлығы көз тартып, тамсандырады. Одан бөлек, олар назарды ұстап тұруға қауқарлы. Сіз оған қаншалықты ұзақ қарасаңыз, соншалықты көп бөлшектіі байқайсыз. Міне, сондықтан да біздің дизайнерлер "визуалды саяхат" туралы жиі айтады.

ҰРШЫҚ ІСПЕТТІ РАДИАТОР ТОРЫ

Ұршық іспетті радиатор торы Lexus автокөліктеріне тән элемент болып табылады және өзінің әсерлі дизайнының арқасында ерекше көз тартады. Суретінің өзгеріссіз болуына қарамастан, тордың безендірілуі уақыт ағынымен және үлгіге байланысты аздап өзгереді. АЛДАҒЫ



signature styling hero

L ІСПЕТТІ ШАМДАР

Біздің L іспетті шамдарымыз ұршық тәрізді радиатор торымен үйлесіп, әсерлі сыртқы пішін қалыптастырады. Автокөліктің алдыңғы және артқы бөліктерінің элементтері компанияның атауын еске салады. Технология мен дизайн саласындағы жетістіктердің арқасында шамдардың пішіні үнемі өзгеріп отырады.



signature styling hero

ӨЗІНДІК ҚЫР

Lexus-тің әр автокөлігі қырынан қарағанда да керемет көрінеді. Ырғақты сызықтар ойластырылған аэродинамикасын көрсетеді, ал шанағындағы бедерлі дөңестердің пішіні компания атауындағы алғашқы әріпті еске салады. Дизайн, орындау шеберлігі, инженерлік өнер мен динамиканы ортақ мақсат біріктіреді.



signature styling hero