design brave concepts hero

ДИЗАЙН

КЕЛЕШЕКТІ КӨРІНІС

Батыл концептуалды ойлау – Lexus дизайнының негізінде дәл осы жатыр. Қай жобалардың болжап білмейтін энергиясымен бізді болашаққа жетелейді және мүмкін еместі мүмкін етеді.

  • design ordinary into extraordinary 03

    КЕЛЕШЕКТІҢ КӨРІНІСІ

    СПОРТТЫҚ ЯХТА

    Өз ісіне берілген жүргізуші-сынаушы Акио Тойода тек автокөліктерді ғана жүргізбейді. Ол – қозғалыс құралдарының барлығына қызығушылық танытатын үздіксіз зерттеуші. Яхталар да оның назарынан тыс қалған жоқ. Акио Тойода ең керемет яхта үлгілерінің қуаты мен бірқалыпты басқарылуына бұрыннан тамсана қарайтын.

    Ол шебер әрленген қуатты яхтаның Lexus-тің өмір салтын ерекше әсерге бөлеп, аса сәнділігімен толықтыратынын білді. Біз мұны Lexus-тің спорттық яхтасында іске асырдық.

  • design ordinary into extraordinary 04

    КЕЛЕШЕКТІ КӨРІНІС

    SLIDE ХОВЕРБОРДЫ

    Қозғалыстың жаңа үлгісін қарсы алыңыздар — SLIDE ховерборды. Кәсіби дизайнердің қолынан шықан ол, түрлендірілген скейтборд болып табылады. SLIDE ховербордын әзірлеу маңызды технологияларды жетілдіріп, қазіргі техникалық инновацияларды қолдануды қажет етті.

    Біздің алдымызда тегіс әрі сүйір тақтайша жасауға арналған тиімді электрмагниттік левитация технологиясын қолдану міндеті тұрды. Ол үшін жоғары өткізгіштердің, магниттердің және сұйық азоттың дұрыс ара салмағын табу керек болды. Жұмыстың әр кезеңінде команда технологиялардың мүмкіндігі мен шамасын кеңейтіп отырды.