СУ ЖАҢА NX
АЙРЫҚША ШЕЖІРЕ
Жаңа NX 2014 жылы пайда болған сәтінен бастап 170 000 данасы сатылған автокөлікті ауыстырады. Бұл жетістікті бекіту үшін Lexus толық қайта құруды жүзеге асырды. Намысқойлық пен мақсаттылық сипаттамалардың, басқарудың және тиімділіктің едәуір жақсаруынан, сонымен қатар автокөлік бөлшектерінің 95%-ы мүлдем жаңа болып табылатынынан көрінеді. Цифрлық модельдеу және компьютерлік әдістер сапа кепілдігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алатын ақылды жобалау үшін қолданылды. Дегенмен адамның қолы, құлағы мен көзіне тиесілі Такуми дағдылары аса жоғары сенсорлық сапаға қол жеткізу үшін қажет.