«Ваканда мәңгілікке» - Алматыда Lexus ұйымдастырған алғашқы иммерсивті тест-драйв өтті

Lexus GX

10 қарашада Lexus Қазақстан жаңа «Қара Қабылан: Ваканда мәңгілікке» Marvel фильмінің жабық алдын-ала көрсетілімі аясында кең ауқымды иммерсивті тест-драйв өткізді.

Бренд амбассадоры, актер және режиссер Санжар Мәдимен бірге трендсеттерлер, БАҚ өкілдері және танымал блогерлер, соның ішінде: Әли Оқапов, Қуаныш Шонбай, Айна Исаева, Индира Ғаббасова, Дияс Валихан, Тимур Мұстафаев және басқалары қызықты квестке қатысып, барлық премиум Lexus модельдеріне өз бағасын берді.

Қатысушылардың бірі атап өткендей, «Қара Қабыланның» тұсаукесері бірнеше жыл бұрын өтіп еді, сол оқиғаны жадымызда жаңғырта алғанымыз сондай керемет. Мен Қазақстанда да, шетелде де көптеген тест-драйвтарда болдым. Бірақ дәл осындай ұсақ-түйекке дейін көңіл бөлген, келбетті «Вакандалықтың» бізге берген шақыруынан бастап, тапсырмаларға дейін ойластырылған керемет идеяны бұрын-соңды кездестірген емеспін. Тест-драйв нағыз шоуға айналды! Lexus Forever!»

Lexus test drive Almaty
Тест-драйв тұжырымдамасы – Ваканда әлеміне толық шому. Алматы қаласының Африка мәдени орталығымен ынтымақтастық іс-шараны бірегей африкалық атмосферамен толтыруға, және Marvel студиясын Ваканда туралы аңызды ойлап табуға шабыттандырған құрлық мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Жүргізуші түп-тегі нигериялық шоумен Даниэль Джеймс болды.
Lexus test drive Almaty
Қатысушылар мен көліктерді күтіп тұрған сынақтар сұрапылдығы жағынан блокбастер сюжетінен кем түспеді. Қатысушылар Ваканданың 5 тайпасының тапсырмаларын орындап, жәдігерлерді жинады, Алматы қаласының ең көрікті жерлерін аралады. «Лексус Алматы Орталығында» өздеріне сәттілік әкелетін жеке тотемдерін жасап, дәстүрлі африкалық маскаларды бояды. Содан кейін болашақ Ваканда жауынгерлері Lexus көліктеріне мініп, «вибраниумнан» тұмар-тиын соғу үшін және садақ ату, пышақ, балта және сюрикен лақтырудан жарысу арқылы жауынгерлік өнерін көрсету үшін Аюсай келушілер орталығына аттанды. Тест-драйв картасындағы келесі нүкте - Gorilla Zipline. Мұнда қонақтарды болат арқанмен шапшаң түсу күтіп тұрды. Соңында, «Swissôtel Wellness Resort Алатау» қонақүйінде Өзен тайпасымен бірге қатысушылар фильмнің көптен күткен тұсаукесері өткен тест-драйвтың соңғы нүктесін көрсететін карта элементтерін іздеді.
Маркетинг және сату бөлімінің бас менеджері Сергей Зябловтың айтуынша, «Бұл Lexus бренді мен Marvel кинокомпаниясының алғашқы шығармашылық ынтымақтастығы емес. Бүгін біз Marvel әлемінде Lexus өз орнын иеленді, оның кейіпкеріне айналды деп сеніммен айта аламыз. Біздің ортақ қасиеттеріміз көп. Ваканда жаратушылары сияқты, біз де Lexus компаниясында әлемді өзгертетін қара күш емес, инновациялар мен шығармашылық деп санаймыз. Ваканда жаңа кейіпкерлер ұрпағын біріктірсе, Lexus бүгін мен ертең арасындағы шекараны жойып, адамдарды өз өнегесімен шабыттандырады. Біз осы бірегей мүмкіндікті пайдаланып, қиындықтармен тайталаса отырып, Lexus-тің айрықша мүмкіндіктерін тағы бір рет көрсетуге, сондай-ақ бренд табынушыларына адалдығы мен сенімі үшін алғысымызды білдіруге, оларға Lexus әлемі тұнып тұрған ұмытылмас эмоцияларды сыйлауға қуаныштымыз. Ешкім батыр болып тумайды. Батыр болып өседі. Бірге. Мәңгілікке. Lexus».