Новости

ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚТЫҢ ЖОҒАРЫ СТАНДАРТТАРЫ:
ЛЕКСУС АСТАНА LEXUS KIWAMI 2020 СЫЙЛЫҒЫН АЛДЫ

— Лексус Астана ресми дилері Lexus Kiwami 2020 сыйлығын иеленді және ең үздік еуропалық дилерлер тізіміне енді.
— Сыйлық Омотенаши жапон қонақжайлылығы қағидаттарын сақтай отырып, әр клиентке жеке тұрғыдан келуді атап өтеді.

  
    header museum
Жыл сайын Lexus Europe үздік дилерлерді тамаша жұмысы, 5 жұлдыз деңгейіндегі Lexus қызмет көрсету стандарттарына бейілдігі, Омотенаши аса көрнекті қонақжайлылық деңгейін ұсынуы және бизнесте табысты көрсеткіштерге қол жеткізуі үшін беделді Lexus Kiwami сыйлығымен марапаттайды.

Екі сатылы іріктеу және бағалау нәтижесінде Lexus Kiwami 2020 (жапон тілінен «ең жоғары» деп аударылады) сыйлығының 14 лауреаты анықталды, оның ішінде Лексус Астана да бар.

  

  
    pic6
Лексус Астана дилерлік орталығы Омотенаши қонақжайлылық қағидатын қазақстандық нарықта сәтті қолдану жолын көрсетеді. Бұл қағидат жапондық дәстүрлерден шабыттанады, клиенттердің тілектерін алдын ала сезуге және орындауға негізделеді және Lexus қызметінің барлық салаларында негізгі фактор болып табылады.

«Lexus Kiwami» — компаниямыз үшін және Лексус Астана дилерлік орталығының әр қызметкері үшін маңызды сыйлық. Біз тағы да қонақжайлылықтың жоғары стандарттарын ұстанудағы жетістіктеріміз үшін ең үздік Лексус дилерлік орталықтарының тізіміне ендік (2017 жылы Лексус Астана Lexus Kiwami сыйлығының Қазақстандағы бірінші лауреаты болды). Бұл қызметкерлердің күнделікті жұмысқа риясыз көзқарасы мен әр клиентке құрметпен қарауының арқасында мүмкін болды.

Толығырақ ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы біле аласыздар:

+7 (7172) 57 74 74, +7 778 003 74 74

Лексус Астана ресми дилері:
Астана қ-сы, Қабанбай батыр даңғ., 37-үй